Аксу ауданындағы Iлияс Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану мұражайы
Iлияс Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану мұражайы Аксу ауданында 1994 жылы құрылған. Мұражай аумағының жалпы көлемі 246 шаршы метр. Қорда сақтаулы материалдары 450 бірлік, оның 145-i негiзгi корды құрайды.
Мұражайдың экспозициялық залдары өлкенің табиғаты мен этнографиясына, Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен қызметіне арналған. Осы жерде соғыс пен енбек батырлары туралы әңгімелейтін материалдар да қойылған. Күмістен жасалған бұйымдар халықтың қолданбалы тарихына арналған. Екіншісінде – ежелгі дәуір мен бүгінгі күнге дейінгі адамдардың өсіп-қалыптасуын бейнелейтін диаграммалар жинақталған. Ақсу ауданында осы жерлерде ежелгі адамдардың тұрғанын растайтын көптеген тасқа салынған суреттер табылған. Үшінші зал Ақсу ауданының өсімдіктер мен жануарлар әлеміне арналған. Экспозицияның «Інжуі» ретінде сирек кездесетін жәндіктердің жиынтығы көрсетуге қойылған. Төртінші және бесінші зал ежелгі тарихқа арналған. Алтыншы залдың экспозициясы қазақтың белгілі ақыны Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелейді. Мұнда акын мен оның отбасы мүшелерінің көптеген фотосуреттері, қолжазбалары, жеке заттары жинақталған. Олардың арасында ақынның әдебиеттегі достарының тарту-сыйлары да бар. Өз алдына жеке экспозицияда Ақсу ауданынын сыйлы азаматтары жайлы баяндайтын экспонаттар қойылған.
Мұражайда аса құнды экспонат ретінде осыдан 150 жыл бұрын туған, айрықша дарынды, майталман өнер шебері Молықбай Байсақұлы ойнаған ескі қобыз сақтаулы тұр.