“Тау Жетісу” шаңғы базасы
5/5
“Тау Жетісу” тау шаңғысы базасы Талдықорғаннан 20 шақырым жерде, Текелі қаласының шетінде орналасқан. Тамаша жолдар, жеткілікті дамыған қонақ үй инфрақұрылымы мен керемет тау беткейлері қысқы спорт пен демалыстың көптеген жанкүйерлерінің назарын аударады. Мұнда шаңғы көтергіштерінен басқа, шана және тюбинг жолдары, мұз айдыны және әртүрлі жабдықтарды жалға алуға болады. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар атпен серуендеуді ұсынады, ал тау басынан керемет әсер беретін парапланмен де ұшуға болады.