Жетісу облысы әкімдігі

5/5

Жетісу облысы әкімінің аппараты -жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме.

“Жетісу облысы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық – құқықтық және материалдық – техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Аппараттың негізгі міндеттері:

– Облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық және құқықтық қамтамасыз ету.

– Облыс әкімдігі мен әкіміне қаржылық, шаруашылық және материалдық-техникалық қызмет көрсету.

– Президент Әкімшілігімен, Премьер-Министр Кеңсесімен және Қазақстан Республикасының Парламентімен, Облыстың өкілді және атқарушы органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.