Қаратал тарихи-өлкетану музейі
5/5
Мекенжайы: Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Қонаев көшесі 7 «А».
Байланыс телефоны:
Қаратал тарихи-өлкетану музейі заманауи технологиялармен жабдықталып, озық құралдармен қамтамасыз етілген. Музей 9 бөлімнен тұрады.
Бірінші қабатта Жетісу өңірінің флорасы мен фаунасы, сондай-ақ аймақтың табиғи бірегей орындары туралы мәліметтер ұсынылған: «Қаратал ауданының флорасы мен фаунасы», «Археология», «Этнография».
Екінші қабатта аймақ тарихына арналған залдар орналасқан, олар қола дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі кезеңдерді қамтиды: «Қазақ хандығы», «Қаратал ауданының тарихы», «Ұлы Отан соғысы».
Сондай-ақ «Жазушы – Кемел Тоқаев» және «Аудан мақтанышы» экспозициялары бар.
Кіру билеті құны:
Кіру тегін.