Біз туралы
VISIT ZHETYSU
Біздің орталық Талдықорған қаласында, Жетісу өңірінің қақ жүрегінде орналасқан. Жетісу – алуан түрлі әрі қызықты туристік көрнекі жерлерімен танымал өлке. Мұнда көркем шөлдер, асқақ каньондар мен қарлы Жоңғар Алатауының шыңдары көршілес орналасқан. Өңірде ежелгі қорғандар, Ұлы Жібек жолының қоныстары, бірегей мұражайлар мен ғибадатханалар, сондай-ақ таңғажайып тау көлдері мен емдік ыстық бұлақтар сақталған. Осы ерекшеліктері Жетісуды шын мәнінде ерекше орынға айналдырады.
Сұрақтар бойынша қоңырау шалыңыз
+7 (7282) 41 50 65
+7 (7282) 41 82 15
+7 (7282) 41 87 15
Кеңсенің орналасқан жері
Талдықорған қ. , Қ.Жалайыри даңғылы 3/2
Электрондық пошта
visitjetisu@mail.ru
Ақпарат жинау: Біз туристік көрікті жерлер мен іс-шаралар туралы толық ақпарат жинап, ұсынамыз.
Туризмді ілгерілету: Туризмді дамыту мақсатында жарнама, маркетингтік қызметтер мен іс-шаралар ұйымдастырамыз.
Ақпарат алмасу: Өңірдің туристік, мәдени, тарихи және экономикалық ресурстары туралы мәліметтер таратып, Қазақстандағы үздік туристік ұсыныстармен бөлісеміз.
Жастар мен туристік клубтарды қолдау: Жастар мен туристік клубтарға арналған экскурсиялар мен іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесеміз.



Сонымен қатар, біз түрлі мемлекеттік және коммерциялық ұйымдармен, кәсіби қауымдастықтармен, баспагерлермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және халықаралық туристік ұйымдармен жұмыс істейміз. Біздің мақсатымыз – әрбір келушінің Жетісу өңірінен жарқын әрі ұмытылмас әсер алуын қамтамасыз ету.

Караулова Дина Муратовна
Ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің маманы

Бекешова Назым Макеновна
Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы
Мейрембекова Эльмира Болековна
Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің кадр маманы
Оспанова Айнұр Амантайқызы
Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің заңгер, мемлекеттік сатып алушы

Панфилов ауданы бойынша ақпараттық тур
Большое спасибо VISIT ZHETYSU за 3 счастливых дня! Вы вновь показали образец проведения инфотуров. Каждый раз учусь чему-то новому у всех участников.

Олег Белов
Журналист
Джип тур Алтын-Эмель
VISIT ZHETYSU ұжымына үлкен алғыс білдіремін! Жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған, естен кетпес өте керемет іс-шара балды!

Долаев Эльдар Талғатұлы
Автор цифрового контента
"Алакөл көліндегі балық аулау туризмі" ақпараттық туры
VISIT ZHETYSU туристік ақпарат орталығының ұжымына көп рахмет, 3 күндік ақпараттық тур
жоғарғы деңгейде өтті! Барлықтарыңызбен танысқаныма қуаныштымын!

Дакс Каналбеков
Travel-блогер
Джип тур Алтын-Эмель
VISIT ZHETYSU ұйымдастыру ТОП, әр кез келгенде әрбір қатысушыға деген құрметтерің ерекше.
Жұмыстарыңызға сәттілік!

Сымбат Рамазанов
Travel-блогер