«Алтын-Емел – құландар мекені»: ұлттық парктің бірегей көрікті жерлерімен таныстыру
2024 жылдың 30-31 қазанында «Алтын – Емел – құландар мекені» іс-шарасы өткізілді. Мақсаты – «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің туристік әлеуетін ашып, ерекше нысандарымен таныстыру және аймақтың сұлулығын насихаттау.
Қонақтарды «Алтын-Емел» МҰТП-де орналасқан әуенді Айғайқұм, Ақтау мен Қатутау тауларының ғажайып көріністері және 700-жылдық талдың ерекше табиғаты қарсы алды. Бұл сапардың танымалдығын арттыру үшін еліміздің белгілі тревел-блогерлер шақырылды, олардың ішінде: @farkhat_kabdykairov, @bekarys_zhumabekk, @kzwaits, @rashit_ilyassov, @zhuldyz_rakhmet, @qyran_koz, @nazanchik, @zhaasullan, @madiaubakirov, @daianadaiana, @symbat.ramazanov, @travelove100, @erkebulan_aimuratuly.