«Altyn-Emel» ақпараттық туры Жетісу өңірінің ерекше көрікті жерлерін шетелдік туроператорларға таныстырды
13-16 тамыз аралығында Жетісу облысында туризмді дамытуға және «Алтын-Емел» МҰТП-не туристер ағынын арттыруға бағытталған «Altyn-Emel» атты ақпараттық туры өткізілді. Осы тур аясында шетелдік туроператорлары біздің аймақтың бірегей табиғи және тарихи көрікті жерлерін жеке бағалаулары үшін Италияның Рим, Венеция, Болонья, Милан, Анконе қалаларынан және Сингапур, Малайзия, Голландия, Индия мемлекеттерінен арнайы қонақтар шақырылды. Турдың бағдарламасы бірнеше маңызды нысандарды қамтыды: «Visit Altynemel» орталығы, сақ патшаларының ежелгі қорымдары – «Бесшатыр» қорғандары, Ш.Уәлиханов атындағы мемориалды музейі, түрлі-түсті ландшафттарымен таң қалдыратын «Ақтау» және «Қатутау» тауларына экскурсия, 700 жылдық Ива, ерекше табиғи құбылысты туристік нысан – «Айғайқұм», сонымен қатар ақпараттық тур соңында Жаркент мешітіне экскурсия жүргізілді.