Бурхан-Булак сарқырамасына ақпараттық тур: танымал блогерлер мен медиа тұлғалардың көзқарастары арқылы Жетісу туристік әлеуетін таныту
2024 жылдың 29-31 тамыз аралығында Қазақстандағы ең биік Бұрхан-Бұлақ сарқырамасына 3 күндік ақпараттық тур өткізілді. Турдың мақсаты — қатысушыларды Жетісу облысының туристік нысандарының әлеуетімен таныстыру және оларды танымал ету. Турға келесі танымал тұлғалар мен тревел-блогерлер шақырылды: @talashin , @buiraqyz , @madiaubakirov , @shaidullin.timur, @zhuldyz_rakhmet, @qyran_koz, @optimist.hafiz, @abylai_khan_traveler, @nazanchik, @zhaasullan, @k.k.tour, @kzwaits, @bekarys_zhumabekk, @symbat.ramazanov, @saryozek.city, @bakyt_zlobin, «Қазақстан аруы 2023» — Сабина Идрисова @idrissova__sabina, танымал фотограф @farkhat_kabdykairov. Ақпараттық тур барысында қатысушылар Талдықорған қаласындағы, Б.Римова атындағы драма театрының жанындағы «Бұрхан-Бұлақ» сарқырамасының муралын тамашалады. Сондай-ақ, Қапал ауылындағы Шымбұлақ бұлағы, «Опера» көлі, Қапал асуы, Әулие тас, «Burkhan Bulak Nomads» демалыс базасы сияқты туристік нысандарды аралады. Сарқыраманың төменгі және жоғарғы каскадтарына барып, бірегей кадрлар, фото және бейнематериалдар түсіріліп, тарихи сәттерді таспалады.