«Жетісу» туристік ақпараттық орталығы Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 21-23 тамыз аралығында Қазақстанның әр өңірі арасындағы мәдени байланыстарды нығайту және жастар арасында қазақ әдебиеті мен тарихына қызығушылықты арттыру мақсатында, Қазақтың ұлы ақыны мен жазушысы Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдығына арналған әдеби тур өткізді. Әдеби тур аясында Жетісу өңірінің көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды және мәдениет министрлігі тарапынан құрылған «Алқа» жастар әдеби клубының көшпелі отырысы өтті. Аталған тур жылда ұйымдастырылып, жас ақын-жазушыларымыз өңіріміздің сұлулығы мен табиғаты жайында керемет өлең жолдарын арнауға шабыттандырады.