Ағымдағы жылдың 23-24 тамызда өткен «My Tekeli» туристік іс-шарасы қазақстандық туроператор өкілдері, БАҚ, travel-блогерлер, мобилографтар мен видеографтар өкілдері үшін ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты – Жетісу облысында белсенді тау туризмін дамытуға ықпал ете отырып, Текелі қаласының, Ескелді ауданының туристік нысандарын және Серкесай көркем демалыс аймағын танымал ету. «My Tekeli» іс-шарасы аясында туристік бизнес өкілдерімен саланың даму перспективалары туралы пікірталастар өткізілді, сондай-ақ түрлі бағдарламалар ұсынылды: шатырлы қалашықта тұру, түрлі конкурстар мен ойын-сауықтар, спорттық ойындар, аймақтың табиғаты мен мәдениеті туралы викториналар, жаяу серуендеу, «Жылы» сарқырамасына бару, тарзанкамен сырғанау, ашық аспан астындағы фильмдер көру, ошақ жанында ән айту, жұлдыздарды бақылау және команданы біріктіруге, табиғатпен үйлесімділікті табуға көмектесетін мәдени іс-шараларды тамашалай алды.