ҚР Туризм және спорт министрлігінің және Корея Республикасының Сеулдегі Елшілігінің қолдауымен ағымдағы жылдың 19 маусымында екі елдің туристік бизнес өкілдерінің B2B кездесуі өтті.

Корея Республикасы Қазақстан үшін нысаналы нарық болып табылады. Осыған орай «Kazakh Tourism» ҰК бастаған қазақстандық делегация, 10 туристік бизнестің өкілі және Visit Zhetysu туристік ақпараттық орталығы Кореяның жетекші 50 туроператорлары мен Корей туристік агенттер қауымдастығына (КАТА) презентация өткізді. Осы маңызды кездесуге шақырып, Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы туристік байланыстарды нығайтуға бағытталған іс-шараға қатысу мүмкіндігі үшін алғыс айтамыз.