Жыл сайын Жетісудың туристік әлеуеті шетелде көбірек назар аудартуда. Мұның жарқын дәлелі – 2025 жылғы 26–28 мамыр аралығында «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін аралаған алғашқы италиялық туристік топтардың сапары. Бұл сапар «Mistral» және «Ten Viaggi» сияқты жетекші италиялық туроператорлармен ынтымақтастықтың нәтижесінде мүмкін болды.

Аталған сапар 2024 жылғы тамызда «Visit Zhetysu» @visitzhetysu ұйымдастырған «Altyn-Emel» ақпараттық турының тікелей нәтижесі. Бұл тур аясында шетелдік туроператорлар үшін арнайы таныстырылым бағдарламасы өткізіліп, олар ұлттық парктің табиғи көрікті жерлері, инфрақұрылымы және туристік әлеуетімен толық танысты.

Бұл бастама өз жемісін беріп, өңірге деген халықаралық қызығушылық қарқынды артуда.
Ақпараттық турлар — Жетісуды әлемдік аренада бірегей туристік бағыт ретінде ілгерілетудің тиімді құралы!