300 жастағы Сиверс алма ағашы
Қазақстанның жабайы алма ағашының ғылыми атауы Malus siversi немесе Сиверс алма ағашы деп аталады. Алма ормандарын құрайтын жабайы алма ағашының бұл түрі Жоңғар және Іле Алатау тауларында орналасқан. Қазіргі Қазақстан аумағында алғаш рет жабайы алма ағашы 18 ғасырдың соңында табылды. Оны дәріханашы ғалым, Санкт-Петербург Императорлық ғылым академиясының мүшесі Иоганн Сиверс сипаттаған, бірақ Қазақстанның таулы жеміс ормандарының ғылыми зерттеуі кейінірек басталды. Өткен ғасырдың 20-жылдарында ботаник Михаил Попов алманың Malus siversi түрі ежелгі дәуірдің үшінші кезеңіндегі алма ағашына жақындығы туралы гипотеза жасады. Академик Вавилов Тянь-Шань тауларының сілемдеріндегі алма популяциясын жоғары бағалады, әлемдегі алма ағаштарының шығу орталығы осында орналасқан деп болжаған.
Бұл ағаш кез-келген аурулар мен паразиттерге қарсы тұрады және 300 жылдан астам өмір сүреді, ол барлық мәдени алма ағаштары сияқты үнемі күтімді қажет етеді. Оның тамыры өте тереңге жайылғандықтан, қорегін тереңнен алуға көмектеседі, күннің аязына төзімділігін арттырады.
Сиверс алма ағашы көктемнің соңғы айларында гүлдейді. Алма ағашының гүлденуіне орай алғашқы фестиваль 2018 жылы ұйымдастырылды. Бұл іс – шараның мақсаты-туристік потенциалды арттыру және туристер ағылып келуіне септігін тигізу. Фестиваль барысында Жоңғар Тауында ғана өсетін дәрілік шөптердің де көрмесі өткен.
Сиверс алма ағашы-жердегі барлық мәдени алма сорттарының атасы болып саналады, жойылып кету қаупі бар. Бұл өсімдік ресурстарын сақтау әлемдік маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Сондықтан Сиверс алма ағашы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
День 1
фывфывфывфы фывфыв фывфывфыв фывфыв