Талдықорған қаласының әкімдігі

5/5

“Талдықорған қаласының әкімдігі” мемлекеттік мекемесі қала әкімінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпаратты-талдамалы, консультациялық және материалды-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.

“Талдықорған қаласы әкімінің аппараты” облыс әкімінің 2000 жылғы шешімімен қайта құрылды және облыс әкімдігі мекемесінің құқықтық мирасқоры болып табылады. Мемлекет облыс әкімі тарапынан қала әкімі аппаратының құрылтайшысы. Облыс әкімі қала әкімі аппаратының мемлекеттік басқару органы және оған қатысты мемлекет меншігіндегі құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган.

Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға және мемлекеттік тілде өз атауы мен мөрі, белгіленген үлгідегі бланкілері бар, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банкте есеп айырысу шоты болады. Толық атауы – “Талдықорған қаласы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі.