«Жаркент мешіті» архитектуралық-көркем музейі
Мекенжайы: Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Юлдашев көшесі, 40.
Байланыс нөмірлері: +7 (72831) 5 16 39, +7 747 350 0536.
Жаркент мешіті — XIX ғасырдың сәулет ескерткіші. Бұл мешіт 1895 жылы қытай сәулетшісі Хон Пикенің жобасы бойынша Жаркент қаласының орталығында қоныс аударушылардың қаражатымен салынған. 1982 жылдан бастап республикалық маңызы бар сәулет және тарих ескерткіші ретінде мемлекет қорғауына алынған.
Мешіт Орта Азия сәулет өнері стилінде салынған, бірақ онда будда храмының элементтері де қолданылған. Мешіттің құрамына жұма мешіті, кіші мешіт, портал (негізгі кіреберіс), бүйірлік қақпалар және тас дуал кіреді.
Мешіттің жалпы аумағы 28×54 м, биіктігі 14,5 м, мұнарасының биіктігі 19 м. Мұнараны 52 баған қоршап тұр. Антаблемент ағаштан ойылып жасалған. Бағандар Тянь-Шань шыршаларынан дайындалған. Бағандар мен ағаш бөліктерді біріктіру кезінде шегелер қолданылмаған. Мешіт қабырғалары бөренелерден, ал шатыры темірден жасалған.
Мешіт ауласында, солтүстік-шығыс жағында, шағын аула орналасқан, ал оңтүстік жағында медресе бар. Мешіт кешені биіктігі 2,3 м тас қоршаумен қоршалған. Оңтүстік және солтүстік жақтарында қақпалар бар.
Қытай сәулет өнерінің ықпалы шатырдың аспанға қарай көтерілген иілген ұштарынан көрінеді, бұл ғимаратқа әсемдік пен жеңілдікті береді. Мешіт екі қабаттан тұрады. Капительсіз цилиндрлік бағандар (барлығы 52 дана) ғимаратты айнала галерея құрайды. 122 ағаш тірек арқалықтармен бекітіліп, мешіт ғимаратының құрылымын құрайды.
Мешіттің ерекшелігі — бай әшекейлер (ағаш оюлар, түрлі-түсті қанық роспись), олар мешіттің негізгі залының аркалары мен қабырғаларын жандандырады. Интерьер ою-өрнегінде өсімдік мотивтері, араб каллиграфиясы, ұйғыр ою элементтері басым, сонымен қатар құстар, балықтар, жануарлар (соның ішінде қиял-ғажайып жануарлар) бейнелері кездеседі.
Медресе басты қақпаның жанындағы ғимаратта орналасқан, ол 14 бөлме мен шаруашылық құрылыстардан тұрады. Медресенің терезелері көшеге, ал есіктері мешіт ауласына шығады. Жылдар бойы медресе ғимараты тұрғын үй не кинотеатр ретінде қолданылып, бастапқы бейнесінен айрылған, бірақ қалпына келтіру жұмыстары арқылы бастапқы көрінісі қайта қалпына келтірілді. Медреседе музейдің экспозициялық және жұмыс бөлмелері орналасқан.
Кіру билеті құны:
Ересектерге – 250 тг (экскурсиясыз), 300 тг (экскурсиямен).
Мектеп оқушыларына – 150 тг (экскурсиясыз), 200 тг (экскурсиямен).
Студенттерге – 200 тг (экскурсиясыз), 250 тг (экскурсиямен).
Зейнеткерлерге – 200 тг (экскурсиясыз), 250 тг (экскурсиямен).
Мектепке дейінгі балаларға – 100 тг (экскурсиясыз), 150 тг (экскурсиямен).
1-ден 10 адамға дейінгі топтық экскурсия – 500 тг.
Бейнетүсірілім – 2000 тг.
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Ауған соғысының мүгедек сарбаздарына, мүгедек балалар мен жетім балаларға қызмет тегін ұсынылады.