Н. Тлендиев атындағы музыкалық мектеп

5/5

Нұрғиса Тлендиев атындағы музыкалық мектеп – мектеп жасындағы балалар сабақтан бос уақытында, жалпы білім беретін мектептен бөлек, қосымша бастауыш музыкалық білім алатын, музыкалық білім беретін орталық. Музыкалық мектеп қаланың орталығында орналасқан. 2002 жылы музыкалык мектепке атақты композитор, дирижер, домбырашы, педагог, Қазақстанның Халық Ері атағына ие болған Нұрғиса Тлендиевтің аты берілді.

Музыкалық мектептің мақсаты-музыкалық білім беру саласында қосымша білім беру қызметтерін жүзеге асыру, балаларды музыкалық шығармашылыққа баулу үшін жағдай жасау, аспапта ойнауды үйрету, музыкалық есту қабілетін дамыту, өзін-өзі тану және кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтау.

Негізгі міндеті-музыканы оқыту ғана емес, сонымен қатар музыка арқылы оқушылардың рухани әлеміне әсер ету, олардың адамгершілік бейнесін қалыптастыру.