Ескерткіш Болек

5/5

Ескерткіш Болек батырдың құрметіне 29 қыркүйек 2002 жылы Тұрлымбет ұрпақтары атынан тұрғызылған. Авторлары – Ахмадиев Нұржеке Нұртайұлы, Бижанов Жұмағали Әкімбекұлы. Ашық алаңқайға орнатылып, айналасын арнайы құйылған шойын қоршаумен қоршалып, гүлзар жасалған. Гранит тақтаға Бөлек батырдың аты-жөні таңба және бір шумақ өлең жазылған. Бөлек батыр (1707 – 1794) – танымал батыр, би, елші мәмілегер, Райымбек батырдың сенімді серігі. Бөлек батырдың тарихта атын қалдырған шайқас – қалмақ батыры Доланғарамен жекпе – жегі. Батыр жоңғарларды қазақ жерінен біржола аластағанға дейін аттан түспеген. Оның есімін ұрпақтары ұранға айналдырды.