Қабанбай батыр атындагы тарихи-өлкетану мұражайы

5/5

Қабанбай батыр атындагы тарихи-өлкетану мұражайы 1991 жылы Алакөл ауданының Қабанбай ауылында, халық батырының туғанына 300 жыл толуына орай ашылды.

Мұражайда демонстрациялык алты зал бар. Экспозиция Кабанбай батырдың өмірлік жолын баяндаудан басталады. Келесі залда қойылған экспонаттар, келушілерді қазақ халкының мәдениетімен, тұрмысымен таныстырады. Халыктың колданбалы өнерiнiң тамаша бұйымдары ерекше қызығушылық тудырады. Ұлттык зергерлік әшекейлер жиынтығы да осы жерде ұсынылған. Келушiлердiң назарын аударатын экспонаттардың тағы бiр бөлiгi халықтың музыкалык аспаптары, кiлемдер, ыдыс-аяқтар.

Мұражайдың жеке залында батырлардың күнделікті өмірін баяндайтын заттар қойылған. Күміс пен әшекейленген ер, былғары белбеу, дулыға, қылыш, қайқы семсер, садақ, шоқпар-бұл заттардың бәрі де өмiрiнiң көп бөлiгiн ат үстiнде, әскери жорықтарда өткiзген әрбір ер-азаматтың ажырамас бөлiгi екені даусыз.

Қабанбай батыр мұражайының қорында сегіз жүзге жуық экспонат бар, жыл сайын оған жүздеген адам келедi. Мұражайдың басты міндеті келушiлерге  ұлы батыр қолбасшы туралы айтып қана қоймай, сондай-ак, олардың бойына патриотизмдi сiңiру.