“Будда” Тасы

5/5

Қора өзені шатқалының кіре берісінде биіктігі үш метр «Будда» суреті қашалған тас бар. Тастың жоғарғы жағында, ортасында, суға толы табиғи ойық бар. Бұл ойықтағы су жыл бойы сақталады және оны жергілікті тұрғындар киелі су деп құрметтейді. Жергілікті нанымдар бойынша киелі су ауруларды емдейді. Екінші бір сенімі – суға тиын лақтырып, тілек тілесең, ол орындалады.

Таста үнді пагодасының схемалық сызбасы болып табылатын лотостың символдық бейнесі және мифологиялық жануар бейнеленген.

Ступаны ең батыл жануар болып саналатын Қар арыстаны өзінің аяқтарымен ұстап тұр.

«Будда» тасының жоғарғы жағында «Он құдіретті әріп» деп аталатын Калачакраның күрделі сиқырлы монограммасын көруге болады. Адам өзін өзгерту арқылы қоршаған әлемге әсер етеді.

Сондай-ақ, осы киелі тас туралы аңыздардың бірінде тастың артқы жағында Будда табанының ізі бар екендігі айтылады. Будда Бұрхан-Бұлақ сарқырамасына көтерілгенде аяғын тасқа сүйеген, сол кезде аяғының ізі таста қалған делінген. Ғалымдар киелі тастың нақты пайда болған күні туралы келіспейді. Мәселен, Томск университетінің профессоры, географ-этнограф Василий Сапожников (1861-1924) өзінің саяхат жазбаларында бұл жерді Әулие-Тас – қырғыздардың киелі тасы деп атап кеткен. Өлкетанушы Нұраш Жақановтың пайымдауынша, Алладан жауды жеңу туралы сұрап, тақтаға қашалып жазылған үндеу тас дейді. Бұл ескерткіш, оның пікірінше, 18 ғасырдың екінші жартысында, Жәңгір хан жасақтары жоңғарларға қарсы соғысқан кезде пайда болған.