«Қойлық» қалашығы
«Қойлық» қалашығы – Іле жазығының орталығында орналасқан ескі қала. Ащыбұлақ өзенінің жағасындағы казiргi Қойлық ауылының шығыс жағында орналасқан. VIII-XIV ғасырларда ол Жетісу өңірінің iрi сауда-қолөнер және мәдениет орталығы болған. Кала өзінің базарларымен атақты болды. Мұнда мұсылман, христиан, буддистер тұрды. Бұны саяхатшылардың қолжазбаларынан, табылған археологиялық заттардан – ХIII-ХIV ғасырлардағы мұсылман мәдениетiнiң нысандары – христиан шiркеуi, будда мен манихей храмдарынан көре аламыз.
Қойлық казіргі Жетісу облысы аумағындағы буддизмнiң aca ipi орталықтарының бірі деп есептелдi. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде Будда храмы табылды. Оның негiзгі көлемi отыз бес метр, ал биіктігі бес метрге дейiн жетеді. Үйiндiден және храмның еденiнен улкен хум сынықтары, шүмегі бұқаның басына ұқсас кұмыраның кесiндiлерi, темiр қанжар, есiк жақтаулары, қоладан жасалған ұсақ-түйек заттар табылған.
1964 жылдан бері Койлық ескi кала орнында археологиялык зерттеулер жүргiзiлуде. Жас әрi талантты археолог Карл Байпаковтың жетекшiлiгiндегi экспедиция бiрқатар тiк қазбалар жасап, ескi қаланың жоспарын түсірді. Кейіннен бiрнеше жылдар бойы ескi қаланың қамалындағы тұрғын үйлері зерттелдi, күйдiрiлген кiрпiштен жасалған «хаммам» типті монша табылды. Қасбетi күйдiрiлген сары саздан ойып жасалған кесене, жұма мешіт табылды. Қазу кезiнде табылған көп нысандар жақсы сақталған және үлкен мәдени-тарихи құндылық болып табылады.