“Жетісу”Туристік ақпараттық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
“Жетісу” туристік ақпараттық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты Талдықорған қаласының “Жастар” мәдениет және демалыс саябағында орналасқан.
Орталықтың негізгі міндеттері: туризм объектілерінің туристік әлеуеті және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат дайындау; балалар мен жастар лагерьлерінің, туризм клубтарының қызметіне, экскурсияларды ұйымдастыруға жәрдемдесу; туристік қызмет туралы анықтамалық ақпараттық жүйені ұстау және жаңғырту; туристік қызметті ұйымдастыруда әдістемелік, консультациялық және практикалық көмек көрсету; жарнамалық маркетингтік ақпараттық туризм саласындағы қызметтер және іс-шаралар өткізу; туристік саланы дамыту мақсатында Инновациялық технологиялар жүйесін енгізу; Жетісу облысының туристік, мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық ресурстары туралы ақпаратты, сондай-ақ Қазақстанның үздік туристік ұсыныстары туралы ақпаратты жинақтау және тарату болып табылады.
Ақпараттық орталықтың негізгі мақсаты-жергілікті және шетелдік туристерге консультациялық қолдау көрсету. Орталыққа келушілер облыстың туристік әлеуеті туралы ақпаратты, оның ішінде карталарды, жолсілтемелерді, тау маршруттарының атластарын, туроператорлардың брошюраларын, мәдени-бұқаралық іс-шаралар анонстарын ала алады. Орталықта экскурсияларға тапсырыс беру, кәдесый өнімдерін сатып алу, жергілікті ұялы байланыс операторларына қосылу, қонақ үй таңдау және т.б. бойынша көмек көрсетіледі.