«Жайнақ батыр» кесенесі
5/5
Кесене Жайнақ батырдың жерленген жеріне Кербулақ ауданынды тұрғызылған. Жайнақ Абақұлы (1812-1859) – батыр, би. Әйгілі Тезек төренің сенімді серігі болған Жайнақ би дауларды шешуде әділдігімен көзге түседі. П.П. Семенов –Тянь Шанский «Путешествие в Тянь – Шань. 1856-1857» деген еңбегінде Албан елінде өткен үлкен бір аста болған жесір дауын айта келіп, Жайнақ биге «дәстүрлі құқықтың ең білгірі» деген баға берген.