ҚОРҒАС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ОРТАЛЫҒЫ

5/5

Ұлы Жібек жолының бойындағы маңызды нүктесі, әлемдегі жалғыз халықаралық сауда орталығы – Қорғас.

«Қорғас» ШЫХО – бұл екі мемлекеттің шекаралас аумақтарында орналасқан қазақстандық және қытайлық бөліктерден тұратын сауда, экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты, сондай-ақ туризмді дамыту кешені.

«Қорғас» ШЫХО күн сайын 7:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді, алайда багажды қабылдау пункттері тауарды 17:30-ға дейін қабылдайды, ал қытай тарапының сауда орталықтары Алматы уақыты бойынша 17:30-ға дейін жұмыс істейді.

Билет құны 3500 тг құрайды, оған шекаралық бақылаудан өткеннен кейін, шекара маңы аймағына автобуспен жол жүру кіреді, багаж 31 кг, қол жүгі 5 кг. 7000 тг билет дәл осындай қызметтерді көздейді, бірақ шекарадан жасыл дәліз бойынша еш кедергісіз және кезексіз өтесіз.

Картадан маршрутты қараңыз.

Талдықорған қаласынан қашықтығы-шамамен 320 км. Қорғас ШЫХО-ға үш жолмен жетуге болады: автокөлікпен, Алтынкөл станциясына дейін поезбен немесе туристік топтың құрамында бір, екі немесе үш күнге.

«Қорғас» ШЫХО-ның Қытай бөлігінде қонақ үйлер орналасқан.

 

«Қорғас» ШЫХО - ға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары өзімен бірге жеке куәлік, ҚР резидент емес азаматтарына - паспорты болуы қажет. Маңызды: салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша қарыздар болмауы керек.

Бір сатып алушы салмағы 31 кг-ға дейін, 1000 евродан аспайтын тауарды тасымалдай алады. Егер сатып алушы тауардың салмағын асырса, онда ол тауар құнының 30% - ын құрайтын мемлекеттік баж төлеуге мәжбүр болады, 1 кг салмақ үшін кемінде 4 еуро.

Егер бөлінбейтін тауар болса (мысалы, велосипедтер), онда салмақты 5 кг – ға дейін артуына жол беріледі (барлығы-36 кг). Өзіңізбен бірге салмағы 5 кг болатын қол жүгін алып жүре аласыз, қалғанын багажды қабылдау пунктіне тапсыру керек.

Қорғаста «Чжун Кэ 1», «Чжун Кэ 2», «Золотой порт», «Иу Моллы» және «Цзянь Юань» деген сауда орталықтары бар. Ол жерден халық тұтынатын барлық тауарларды – киім-кешек, аяқ киім, косметика, электроника, былғары бұйымдары, диеталық қоспалар, ойыншықтар, ыдыс-аяқтар, құралдар, тоқыма бұйымдары және т.б. сатып алуға болады. Сондай – ақ, аң терісі мен теріден жасалған бұйымдар сататын «Кинг Конг 1» сауда үйі бар.