“Тәубе” Мешіті

5/5

«Тәубе» қалалық мешіті үш мыңға жуық адамды қабылдай алады. Мешіттің құрылысы заманауи архитектуралық шешім бойынша арнайы салынған.

Екі қабаттан тұратын «Тәубе» мешітінде биіктігі 40 метр болатын екі мұнара бар. Күмбездің диаметрі – 18 метр, биіктігі – 10 метр құрайды. Ашылу салтанатын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас муфти Наурызбай қажы бастап, тұрғындарды қаланың сәні мен ізгіліктің нышанына айналатын жаңа сәулетті ғимараттың құрылысының аяқталуымен құттықтады.

Мешітте намаз оқу үшін қолайлы жағдай жасалған. Ғимаратта кондициялау жүйесі қолданылып, барлық намаз оқу залдарында «жылы еден» жүйесі жасалған. Қауіпсіздікті сақтап, респираторлық инфекциясының таралуының алдын-алу мақсатында мешітте санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталған.