“Алтын-Емел” Ш. Уәлихановтың мемориалдық мұражайы
Мекенжай: Кербұлақ ауданы, Шанханай ауылы.
Байланыс нөмірі:
Музей 1985 жылы 20 қыркүйекте қазақтың ұлы ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, географ, ағартушы және демократ Шоқан Уәлихановтың 150 жылдық мерейтойына орай ашылған.
Музей архитектурасын Рүстем Сейдалин, Бек Ибраев және Серік Рүстамбеков жобалаған. 629,4 шаршы метр аумақты қамтитын музей ғимараты қазақ мемориалдық құрылыстары – мазарлардың дәстүрін бейнелейді. Ғимараттың сыртқы бұрыштары әртүрлі көлемде және биіктікте болып, «әлемнің төрт бұрышын» білдіреді.
Музейдің ішкі дизайны киіз үйге ұқсайды. Дәстүрлі шаңырақтың орнына, төбенің ортасында шығыс мәдениетінде қолайлы өмірді бейнелейтін «бақыт түйіндері» орналасқан. Музейдің төбесі әуеде «қалықтап тұрғандай» көрінеді және әртүрлі биіктікте жасалған. Музей қызметкерлерінің айтуынша, төбе ғимараттарды әшекейлеудің ежелгі техникасы бойынша орындалып, ғимаратты күннің кез келген уақытында жарықтандыруға мүмкіндік береді.
Музей экспозициялық залдан, дәріс залынан және қор сақтау қоймасынан тұрады. Мұнда Мәскеу, Алматы және Санкт-Петербург музейлерінен және мұрағаттарынан алынған экспонаттар қойылған. Музейге кіреберісте ғалымның атақты саяхаттарының маршрутын бейнелейтін қолмен тоқылған гобелен ілінген.
Сонымен қатар, музейде Уәлихановтың қолжазбалары, өзі жасаған карталар және замандастарының естеліктері жиналған. Музейде барлығы 934 экспонат бар, оның ішінде музейді құрушы Игібай Базарбаевтың еңбектері мен жеке заттары да сақталған.
Кіру билеті құны:
Ересектерге – 250 тг (экскурсиясыз), 300 тг (экскурсиямен).
Мектеп оқушыларына – 150 тг (экскурсиясыз), 200 тг (экскурсиямен).
Студенттерге – 200 тг (экскурсиясыз), 250 тг (экскурсиямен).
Зейнеткерлерге – 200 тг (экскурсиясыз), 250 тг (экскурсиямен).
Мектепке дейінгі балаларға – 100 тг (экскурсиясыз), 150 тг (экскурсиямен).
1-ден 10 адамға дейінгі топтық экскурсия – 500 тг.
Бейнетүсірілім – 2000 тг.
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Ауған соғысының мүгедек сарбаздарына, мүгедек балалар мен жетім балаларға қызмет тегін ұсынылады.