«Ақын Сара» мемориалдық мұражайы
Адрес: Ақсу ауданы, Қапал кенті, Б. Момышұлы көшесі, 14.
Байланыс телефон нөмірі: +7 (728-32) 3 15 90.
Акын Сараның мемориалдық-мұражайы Ақсу ауданындағы Қапал ауылында ақынның туғанына 115 жыл толуына байланысты 1993 жылы ашылды. Жалпы аланы – 210 шаршы метр. Корындағы материалдардын саны 330-дан астам. Олардың 180-i негiзгi корды құрайды. Бұл жерде осынау тамаша әйелдің өмірі мен қызметі, Ақын Сара мен Біржан Салдын айтысы туралы және ақынның шәкірттері мен iсiн жалғастырушылар жөнінде баяндайтын экспонаттар жинастырылған.
Ақын Сара мұражайы Жетісудағы әйелге арналған тұңғыш әрі жалғыз мұражайы төрт залдан тұрады. Олардың бірі халық ақыны өмір сүрген уакыт туралы әңгімелейді. Мұнда әйел киімдері мен көптеген күміс әшекейлер: жүзіктер, білезіктер, сырғалар жинастырылған. Мұражайдың құнды экспонаты – Сараның механикалық тігін машинкасы мен қайшысы. Мұражайдың рухани байлығының ішінде – Ақын Саранын әндер жинағы. Бүгінде олардын саны мыннан астам.
Ақын Сараның өмір жолы тым кыска болды. Бірақ соның өзі ол туралы аңыздар құрастыруға, оның атымен байланысты жерлерді терең құрметтелетін әрі кейінгі ұрпақтары тағзым етер орындарға айналдыру үшін жеткілікті еді.