«Нұрмолда Алдабергенов» мемориалдық мұражайы
«Нұрмолда Алдабергенов» мемориалдық мұражайы Жетісу облысының Ескелді ауданында Алдаберген ауылында орналасқан. Мұражай экспозициясы екі мәрте Еңбек ері атағына ие болған Нұрмалды Алдабергеновтің өмірі мен еңбек жолына арналған.
Бүгінгі таңда мұражай Мұхамеджан Тынышпаев атындағы Жетісу облыстық тарихи-өлкетану мұражайының филиалы болып табылады. Нұрмолда Алдабергеновтің мемориалдық мұражайы 1986 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Жарлығымен құрылған. Ал мұражай ғимараты 1958 жылы салынған Нұрмолда Алдабергеновтың бұрынғы үйі. Бұл үйде ол 1959 – 1961 жылдары аралығында отбасымен бірге тұрған.
Қазіргі таңда мемориалдық мұражай қорында тарихи маңызы бар 5267 жәдігер сақталған. Мұражай залдарының экспозициясында Нұрмолда Алдабергеновтың өмірі мен қызметі, сондай-ақ колхоз тарихы туралы баяндайтын экспонаттар да бар.
Мемориалдық мұражай «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жұмысын бастады.
Мұражай экспозициясы қазіргі заманғы талаптарға сай безендірілген ғылыми-танымды болып табылады.
Мұражайдың кіреберісінде егеменді елдің рәміздері, Мәдениет министрінің бұйрығы, мұражай төлқұжаттары мен тарихи құжаттар орналасқан.