Түркістан-Сібір темір жолының құрылысын аяқтау құрметіне 1977 жылы Айнабұлақ станциясында орнатылған Обелиск

5/5

Айнабұлақ станциясында теміржолдың ашылуына арналған стела.

Республикада Жетісу арқылы өтетін Батыс пен Шығысты жалғастыратын Түркістан – Сібір теміржол құрылысы 1926 жылы басталды. Құрылысты басқарған РСФСР Комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұлов еді. Бұл кең көлемдегі құрылыс облысқа өте жаңа теміржол ғана сыйлап қойған жоқ, сонымен бірге жаңа елді мекендер – Сарыөзек, Матай, Үштөбе, Айнабұлақ өмірге келді. Бастапкы станция Шымкентке жақын жерде орналасқан Арыс қаласы. Содан теміржол магистралі екі бағытқа оңтүстікте Ташкентке және шығыста Луговая станциясына карай тармақталды.

Түрксіб шындығында жалпыхалықтық құрылыс болды. Түркістан–Сібір теміржолын салудың негізгі мақсаты – Орта Азияны жақын жатқан аймақтарды нанмен қамтамасыз ету еді, мақта шаруашылығын дамытуды күшейтіп, тоқыма өндірісін дамыту болды. Жетісу тұрғындары Түрксіб теміржолы олардың өмірін едәуір жақсартатынына қатты сенді. Жол құрылысына жұмысшы ретінде халық суретшісі Әбілқан Қастеев те қатысты. Кейіннен ол өзінің әйгілі «Түрксіб» картинасын салды. Талантты Талдықорғандық суретші А.Накысбеков «Түрксіб ардагерлері» атты полотно салды. Журналист Е.Сағатов «Даладағы ұлы жол» атты деректi кiтап жазды.