«Жалаңашкөл» көлі
5/5
«Жалаңашкөл» көлі Қытай шекарасына жақын жерде, Жоңғар қақпасының таулы асуының тар бөлігінде, Алакөлдің оңтүстігінде орналасқан. Көл ағынсыз, сопақ формалы болып келеді, ұзындығы 9 шақырым, ені 6 шақырым, тереңдігі 5 метрді құрайды. Жергілікті тұрғындар «Жалаңашкөл» көлінің суын өлі деп, ал Алакөл көлінің суын тірі су деп санайды. Егер алдымен «Жалаңашкөл» суына түсіп, содан кейін Алакөл суына түссең – бойыңдағы барлық ауруларыңнан айығасың деп сенеді. Осында болған көптеген адамдар, тіпті шет елдіктер пікірі де судың осындай емдік қасиетін растайды. Көлдің батпағы да емдік қасиетке бай, буын аурулары, аллергиялық, псориаз ауруларына жақсы әсер етеді, теріні тазартып, жасарта түседі деп есептеледі.