«Көксу» Өзені

5/5

Көксу өзені Жетісу облысында орналасқан, Қаратал өзенінің сол жақ саласы (Балқаш көл алабы). Ұзындығы 205 шақырым, бассейнінің ауданы 4670 шаршы шақырымды құрайды, су ағысы Жоңғар Алатауының оңтүстік-батыс беткейлерінен бастау алады. Өзен ағыны негізінен еріген мұздықтар арқылы нәр алады. Айта кету керек, Көксу қорғасын-мырыш байыту комбинаты және оның екі қалдық қоймасы өзен арнасында орналасқан. Тиісінше, Көксу өзенінің экологиялық жағдайына техногендік әсер етудің негізгі көзі, ол белгілі бір мөлшерде суспензияланған заттар, сульфаттар, хлоридтер, фосфор қосылыстары, нитраттар түріндегі азот, синтетикалық беттік белсенді заттар және металл иондары (Fe, Cu, Ni, Cr, Pb, F және т. б.) бар зауыттың ағынды сулары. Сонымен қатар, Көксу өзенінің жайылма ауданындағы халық саны тығыз және оларда ірі өнеркәсіп пен  ауыл шаруашылығы объектілерінің болуы да су айдынында  ластаушы заттардың жиналуна себеп болып табылады.