«Қаратал» шипажайы
«Қаратал» шипажайы 1980 жылдан бері жұмыс жасап келеді. 2012 жылы ғимаратты қайта жаңарту жұмысы жүргізілді, және жыл сайын ішкі үй – жайға косметикалық жөндеу жасалып тұрады..
«Қаратал» шипажайы – қазақстандық жұмақ деп аталып кеткен. «Қаратал» профилакториясы 20 ғасырдың аяғында танымал бола бастаған. Мұнда қажетті медициналық процедуралардан өтіп қана қоймай, сонымен қатар сіздің психофизикалық денсаулығыңыздың деңгейін де арттыруға болады.
Санаторийде 4 рет тамақтану қызметі, негізгі емдеу, спорт залы, кітапхана, үстел теннисі, дискотека және бильярд бар.
«Қаратал» шипажайында сіз диагностика жүргізе аласыз, мамандардың кеңесі мен сауықтыру, емдеу процедураларының келесі кешенін ала аласыз: балшықпен емдеу (Алакөл көлінің балшықтары), парафин – озокерит емдеу, физиотерапия, емдік душ (Шарко, көтерілу, дөңгелек), омыртқаны су астында созу «Аквактрацион».
Шипажай аумағында алма бағы, «Қаратал» өзені, жазғы бассейн, волейбол алаңы, жазғы алаң, қорғалатын тегін автотұрақ, саңырауқұлақтар және таңқурай бұталары бар.