Сарқан ауданының тарих мұражайы
Мекен-жайы: Сарқан ауданы, Черкасск ауылы.
Байланыс телефон нөмірі: +7 (72839) 2 90 41, +7 747 581 9232.
Мұражайдың алғашқы экспозициясы Қаз КСРО Мәдениет министрлігінің 1968 жылғы 1 қаңтардағы бұйрығы негізінде Азаматтық соғыс жылдарында жауынгерлік кеңестің штабы орналасқан ғимаратта ашылды. Қазіргі уақытта онда Черкас қорғанысына арналған экспозициялық кешен жұмыс істейді. 1978 жылы жаңа ғимарат салынып, экспозиция құрылды.
2017 жылы екі ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңа экспозициялар безендірілді. Қазіргі уақытта екі ғимаратта екі экспозиция жұмыс істейді: Сарқан ауданының тарихы және жеке – Черкас қорғанысының тарихы. Сарқан ауданы мұражайының экспозициясы үш залда ұсынылған: “1916 жылға дейінгі аудан тарихы”, “Кеңес кезеңіндегі аудан тарихы”, “қазіргі кезеңдегі аудан”. Бұрынғы жауынгерлік кеңес штабының ғимаратында орналасқан “Черкасск қорғанысы” экспозициялық кешені төрт залдан тұрады, сол кездегі тарихи оқиға мен батырлар туралы баяндалған экспонаттар.
Кіру билетінің құны:
Ересектер үшін: экскурсиясыз – 250 тг, экскурсиямен – 300 тг.
1-ден 10 адамға дейінгі топқа Экскурсия-500 тг.
Оқушылар үшін: экскурсиямен – 200тг, экскурсиясыз-150 тг.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін: экскурсиямен – 150тг, экскурсиясыз – 100тг.
Студенттерге: экскурсиямен – 250тг, экскурсиясыз-150тг.
ҰОС ардагерлеріне, ауған соғысының мүгедек жауынгерлеріне, мүгедек балаларға және жетім балаларға тегін қызмет көрсетіледі.