Қазақстандағы ең биік Бұрхан-Бұлақ сарқырамасы
«Бұрхан-Бұлақ» сарқырамасы – Қазақстандағы Жоңғар Алатау тауларында орналасқан, турбулентті Қора өзенінің шатқалындағы ең биік, әрі әдемі сарқырама. Сарқырама теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте орналасқан. 4 каскадтан тұратын сарқыраманың жалпы биіктігі 168 метр, ал сарқыраманың көрінетін бөлігі 3 каскадтан тұрады, оның биіктігі шамамен 114 метрді құрайды.
Сарқырамаға тек жол талғамайтын көліктермен жетуге болады. Көбінесе туристер Қапал асуы арқылы өтетін жолды таңдайды.
Талдықорған қаласынан Қапал ауылына дейін 56 км-ге жуық жолды жүріп, оңтүстік бағытта, тауларға қарай бағыттаңыз, ары қарай оңтүстік-шығысқа «Опера» көліне дейін 41 км жүресіз. Көлден солтүстік-шығыс бағытта 8 км жол жүріп Қапал асуына жетесіз, бұл жерден сарқырамаға дейін шығыс бағытта 18 км жүріп жетесіз.
Сонымен қатар, сарқырамаға дейін Талдықорған қаласынан Текелі қаласы Қора өзені шатқалы арқылы да баруға болады. Текелі қаласынан сарқырамаға 55 км қашықтықты жаяу жүріп немесе атпен ғана жете аласыз, себебі ескі жолды сел шайып кеткен.
Сарқырамаға барар алдында қажетті азық-түліктерді алдын ала алған дұрыс. Сарқырама жанында палаткада түнесеңіз болады немесе сарқырамаға жақын жерде туристік база орналасқан.
Ертеде сарқырама маңында Бұрхан есімді жалғыз ұлы бар әйел өмір сүріпті. Ұлын қатты жақсы көрген анасы, оның ақкөңіл, момын қызға үйленгенін қалайды. Алайда, анасы ұлының тәкаппар, өз дегенімен жүретін қызға ғашық болғанын біліп қояды, олардың махаббатына қарсы болып, жар басына қамал соқтырып, Бұрханды сол жерге қаматады. Дегенмен, Бұрханның махаббаты күшті болғаны соншалық, ол зынданнан құтылып шығып, сүйіктісі Қора сұлумен бірге ғайып болады. Жүздеген жылдар өтсе де, бірі өзен, бірі сарқырама болып қос ғашық әлі күнге бірге, ал қайғыдан қан жұтқан анасының көз жасы кішкентай өзен болып ағып жатыр, өзен «Ананың көз жасы» деп аталып кеткен және ол Бұрхан-Бұлақ сарқырамасына жақын жерде орналасқан.
«Azimut Travel» Алматы қ., Шевченко 118 көшесі, кеңсе 111 |
+7 (727) 356 28 26 +7 (727) 364 85 85 |
«Welcome.kz» Алматы қ. 050022, Абай даңғылы 44 |
+7 (727) 326-96-16 +7 (702) 006-57-87 |
«GORNOTRAVEL» Алматы қ., Наурызбай батыра 58 көшесі, кеңсе 11 |
+7 (701) 742 79 42 |