АХАЖ

5/5

2017 жылдың қараша айында «Салтанат сарайы» Талдықорған қаласында салтанатты түрде пайдалануға берілді. Салтанат сарайының іші өте жарық, гулдер мен алтын жалатылып безендірілген. Салтанат сарайында күйеу мен қалыңдықтың бөлмелері, неке қиюды салтанатты түрде рәсімдейтін зал, қонақтарды күту залы, 160 орындық мейрамхана, кең зал, мәжіліс залы бар. Ғимараттың жалпы ауданы 3531,5 шаршы метрді құрайды. Ғимарат көп функционалды. Сондай-ақ Салтанат сарайының қабырғасында облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі семинарлар, кеңестер және басқа да шаралар өтеді.