Күзгі саяхатты жоспарлап жүрсіз, бірақ қайда екенін білмейсіз бе? Күзде Жетісудың табиғи нысандары фотосессиялар мен серуендеуге өте ыңғайлы көркем пейзаждарымен таң қалдырады. Жұмсақ ауа-райы демалысты жайлы етеді, ал базарларда қолжетімді бағада маусымдық жемістерден дәм татуға болады. Осы күзде Жетісуға барудың 7 себебін жинадық!

  1. “Алтын-Емел” мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. Күзгі көңіл-күйді айқын бейнелейтін ұлттық парктің көрнекті табиғи нысандары — Ақтау және Қатутау таулары, құмның қозғалысынан әуезді дыбыстар шығаратын Айғайқұм, 700 жылдық ағаш — ұзақ өмір сүрудің тірі символы.
  2. “Қорғас” ШЫХО. Күзде көптеген дүкендер мен сауда орталықтары маусымдық сатылымдар өткізеді. Жазғы туристер ағымынан кейін келушілер саны азаяды, сондықтан Қорғастағы сауда бұрынғыдан да ыңғайлы болады.
  3. “Жаркент” мешіті. Қорғасқа барар жолда Жаркент мешітіне тоқтауға болады. Бұл нысан Қытай және Орталық Азия архитектуралық стильдерінің бірегей үйлесімімен таң қалдырады. Күздің сұлулығы мен мешіттің рухани тыныштығы жан дүниеңізге ерекше әсер сыйлайды.
  4. “Ешкіөлмес” жотасы. 1998 жылы Ә. Марғұлан атындағы археологиялық институттың ұсынысымен ЮНЕСКО-ның алдын ала бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген. Жотада қола дәуіріне тиесілі 4000-нан астам петроглиф жақсы сақталған.
  5. Жетісудың мәдени мұралары. Жетісу облысында білім мен мәдениеттің шынайы қазыналары — Ш. Уәлиханов атындағы “Алтын-Емел” мемориалды музейі, I. Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі, Ақын Сараның мемориалды музейі және М. Тынышбаев атындағы Жетісу облыстық тарихи-өлкетану музейі орналасқан.
  6. Жетісу санаторийлері. Бұл санаторийлер — қысқа дейін иммунитетті нығайтуға тамаша орындар. Ерекше танымал сауықтыру орындарына “Жаркент-Арасан”, “Керімағаш”, “Текелі” және “Қаратал” санаторий-профилакториясы жатады.
  7. Текелі қаласы. Жазғы жасыл желекке оранған Текелі қаласы күзде алтын түске боялады. Жергілікті кешен табиғаттың тамаша көрінісін көруге мүмкіндік беретін парапланмен ұшуды ұсынады.