Өңірдің табиғи байлығын сақтай отырып, су туризмі мен жазғы балық шаруашылығын дамытуға бағытталған ерекше іс шара өтті.

Тур аясында қатысушылар:
▪️ Балқаш көлінің тұщы мен ащы сулар түйісетін сирек табиғи құбылысын,
▪️ Жаңа бағыттағы маршруттар – Қарақұм ауылы, Тасарал аралы және Көпбірлік ауылын тамашалады.

Бұл бағыт табиғатпен үндес, экологиялық таза туризмді насихаттайды. Балық аулауға қызығушылар үшін ерекше тәжірибе мен таза табиғатта демалыс ұсынады.

Іс-шара мақсаты – өңірдің табиғи мұрасын сақтай отырып, балық туризмін дамыту. Аталған шара – туризм индустриясын ілгерілетудегі маңызды қадам болып табылады. Ол аймаққа туристерді тартуға және жазғы белсенділіктерді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты.Ақпараттық тур аясында қатысушылар Қазақстандағы балық аулау туризмін насихаттауға ықпал ететін бірегей видео-контент әзірледі.

«Visit Zhetysu» өңір бойынша жаңа бағыттарды таныстыру жұмыстарын әрі қарай жалғастыратын болады.