«Жетісу» туристік ақпараттық орталығының ұжымы 7 тамыз күні Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауларында ауқымды экологиялық тазалау акциясын өткізді. Іс-шара жалпыұлттық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында өтіп, Жетісудағы жазғы тазалау жұмыстарының жалғасы болды.

Бұл бастама Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың қолдауымен іске асырылып, өңір тұрғындарын, демалушыларды, еріктілер мен мемлекеттік мекемелер өкілдерін біріктірді. Шомылу маусымы басталғалы мұндай акциялар Алакөл мен Балқаш жағалауларында тұрақты түрде өткізіліп, жағалаулардың табиғи сұлулығын қайта жаңғыртуға үлес қосуда.

Қатысушылар ұқыпсыз туристер қалдырған қоқыстарды жинап, тазалықтың — ортақ жауапкершіліктің нәтижесі екенін көрсетті. Бұл акция әр адамның жеке үлесі тұтас өңірдің келбетін өзгерте алатынының айқын дәлелі болды.

«Таза Қазақстан – өзімізден басталады» — дәл осы ұстаным қатысушыларға шабыт берді. Жетісудың бірегей табиғатын сақтап, оны келер ұрпаққа сол қалпында жеткізу — туған өлкенің экологиясына бейжай қарамайтын жандарды біріктіретін басты мақсат.