13 сәуір күні «Visit Zhetysu», «Долантау» жолбарыс таулары туристік нысанын насихаттау мақсатында презентациялық ақпараттық тур ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты – Жетісудың көркем табиғаты мен туризм әлеуеті жоғары бағыттарының бірі саналатын Долантауды көпшілікке кеңінен таныстыру. Бұл бастама өңірлік туризмді жаңа деңгейге көтеріп, ішкі және шетелдік саяхатшыларға Жетісудың бірегей табиғи байлығын көрсетуге бағытталған.