Көктемгі санақ — табиғатты сақтауға бағытталған маңызды қадам!
«Жоңғар-Алатау» МҰТП-де көктемгі жануарлар санағы өтті. Бұл шара жануарлар санын анықтап, олардың мекендейтін аумақтарын белгілеуге көмектеседі.
Санаққа парк қызметкерлері, аңшылықтанушылар мен инспекторлар қатысты. Жыл сайын жүргізілетін бұл жұмыс — табиғатты сақтаудың бір тетігі.