Қазақстанның үздік 5 туристік ауылы анықталды
«Үздік туристік ауыл – 2025» ұлттық байқауының қорытындысы шықты.
☝ Іріктеу кезінде табиғи және мәдени ресурс, елдімекендегі дәстүрлі қызмет түрінің сақталуына ерекше көңіл бөлінді. Ауылдар енді саяхатшыларды қызықтыратын орталыққа айналуы мүмкін.
⚡️ Қазақстанның үздік 5 туристік ауылы:
Лепсі (Жетісу облысы, Алакөл ауданы);
Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы, Сырдария ауданы);
Хан Ордасы (Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы);
Поперечное (Шығыс Қазақстан облысы, Риддер ауданы);
Шабанбай би (Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы).