KITF 2025 — жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан көрме!
KITF 2025 халықаралық «Туризм және Саяхат» көрмесінде әлемнің әр түкпірінен келген 500-ге жуық компания мен 30-ға жуық мемлекет, туризм саласындағы соңғы жетістіктері мен жаңа мүмкіндіктерін ұсынды. Көрме барысында қатысушылар тың туристік бағыттармен танысып, іскерлік байланыстар орнатуға зор мүмкіндік алды.
«Visit Zhetysu» командасы Жетісу облысының табиғи байлығы мен тарихи-мәдени мұрасын, сондай-ақ бірегей туристік маршруттарын таныстыра отырып, аймақтың ерекше тартымдылығын кеңінен насихаттады.
KITF 2025 – жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан, шабыт сыйлаған айтулы оқиға болды!