Жетісу өңірі қысқы туризмнің алуан түрлілігімен, оның ішінде тау шаңғы курорттары, қысқы спорт түрлері және ерекше табиғи ландшафттарымен танымал. Осы бағытты дамыту аясында Visit Zhetysu туристік ақпараттық орталығы 18-22 желтоқсан аралығында «Қысқы Жетісу» ақпараттық турын ұйымдастырды. Қазақстанда туризмді дамыту жөніндегі жолдауында Президент туризмді насихаттаудың заманауи платформалары, атап айтқанда TikTok және Instagram сияқты әлеуметтік желілердің маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты турға танымал тревел-блогерлер @symbat.ramazanov@travelove100@zhuldyz_rakhmet@alimbek_ulan@19_region және @daniyeliv шақырылды.

Ақпараттық тур аясында қатысушылар Текелі қаласындағы @vuslat_tekeli@njala_residence және @sdvor_tekeli демалыс аймақтарына барып, солодовой сусынның дәмін татып, @viking_tekeli эко-кемпингтерінде жабайы табиғатта демалып, @tekesu.tekeli фрирайдін сынап, парапланмен және монша рәсімдерімен таныстырып,@tau_zhetysu тау шаңғы курортындағы қысқы іс-шараларға қатысты.

Бұл тур жергілікті туристік индустрияның дамуына маңызды қадам болып, оның өсуі мен болашақта гүлденуіне жаңа мүмкіндіктер ашты. Ақпараттық тур кезінде тревел-блогерлер контент жасап, туристік нысандарды ілгерілетіп, жарнамалап, олардың танымалдылығын Қазақстан бойынша арттырды.