2025 жылғы 31 мамырда Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға бағыт алған алғашқы туристік пойыз «Сиань – Алматы» бағыты бойынша Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Алтынкөл теміржол станциясына келіп тоқтады.

Осы маңызды шараға орай «Visit Zhetysu» туристік ақпараттық орталығы Панфилов ауданы әкімдігі және «Қазақстан темір жолы» АҚ-пен бірлесе отырып, делегацияны салтанатты түрде қарсы алып, ақпараттық қолдау көрсетті. Сонымен қатар Қытайдан келген қонақтарға Жетісу өңірінің көрікті жерлері таныстырылып, арнайы туристік акция ұйымдастырылды.

Қонақтар еліміздің оңтүстік астанасында 5 күн болады. Оларға арналған мәдени және іскерлік бағдарлама алдын ала дайындалған.

Делегация құрамында сауда, мәдениет, медицина, туризм және ғылым салаларының өкілдері бар, жалпы саны 250-ден астам адамды құрайды. Делегацияны Сиань қаласы әкімінің орынбасары Сяо Ци бастап келді.

Туристік пойыздың кері бағыттағы сапары 2025 жылғы 5 маусымға жоспарланған.

Мұндай жоба — Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік және мәдени ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадам