Панфилов ауданы мен «Қорғас» ШЫХО: өңірдің туристік әлеуетін паш етуге арналған ақпараттық тур
20-22 қараша аралығында Панфилов ауданында және «Қорғас» ШЫХО аумағында ақпараттық тур өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – өңірдің туристік әлеуетін дәріптеу, табиғи, мәдени және тарихи мұраларын паш ету, сондай-ақ ішкі туризмнің өркендеуіне серпін беру.
Тур барысында Жаркент қаласы мен «Қорғас» ШЫХО аумағында ұйымдастырылған гастрономиялық саяхат ерекше орын алды. Бұл шара қонақтарды жергілікті асхананың қайталанбас дәмімен таныстыруға бағытталды. Сонымен бірге, Жаркент-Арасан шипажайында медициналық туризм мен санаторийлер қызметіне арналған сауықтыру бағыты ұсынылды.
Ақпараттық тур аясында медиа өкілдері мен блогерлердің ықпалдастығын нығайтуға айрықша көңіл бөлінді. Іс-шара Панфилов ауданының туристік бағыттарын, белсенді демалыс мүмкіндіктерін кеңінен насихаттауға және өңірдің беделін арттыруға септігін тигізді.