19-21 ақпан аралығында «Visit Zhetysu» Туристік ақпараттық орталығы тұрақты және экологиялық туристік саланы дамытуға арналған «Алакөл көліндегі балық туризмі» атты ақпараттық тур өткізді.

Іс-шараның мақсаты – өңірдің табиғи мұрасын сақтай отырып, балық туризмін дамыту. Ақпараттық турға @travelove100@alimbek_ulan@abylai_khan_traveler@sabyrassel@kzwaits@nazanchik@zhaasullan@_armashkaa_@daks_travel@plotnikov.kz және @daniyeliv сияқты танымал тревел-блогерлер шақырылды. Тур барысында Алакөл көлінің қысқы әлеуетіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар қыста да жұмыс істейтін және қысқы уақытта 20-дан астам туристі қабылдай алатын @alakolkaratas демалыс аймағына барып, балық туризмінің мүмкіндіктерімен танысты.

Бұл туризм индустриясын дамытудағы маңызды қадам болып, аймаққа туристерді тарту және қысқы белсенділіктерді ілгерілетуге жаңа мүмкіндіктерді ашты. Ақпараттық тур аясында блогерлер Қазақстан бойынша балық туризмін танымал етуге ықпал ететін бірегей видео-контент жасады.