Текелі мен Ескелді: қысқы туризмнің жаңа белестері
«VISIT ZHETYSU» туристік ақпараттық орталығы 23-25 желтоқсан аралығында Текелі қаласы мен Ескелді ауданының туристік потенциалын арттыру мақсатында ақпараттық тур өткізді.
Ақпараттық тур өңірдің қысқы туристік әлеуетін насихаттауға бағытталды. Оның аясында тау шаңғы курорттары, қысқы спорт түрлері, экотуризм, мәдени іс-шаралар @tau_zhetysu, сондай-ақ медициналық туризм мен санаторлық-курорттық @lok_karatal демалысқа арналған сауықтыру бағдарламалары ұсынылды.
Ақпараттық тур аясында Текелі қаласы мен Ескелді ауданындағы @vuslat_tekeli, @njala_residence, @sdvor_tekeli қонақ үйлер мен демалыс базаларына шолу жасалып, Текелі қаласындағы «Алақай» кондитерлік фабрикаға экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қатысушылар солод зауытына @pivo.tekeli барып, оның тарихы мен ерекшеліктерімен танысып, өндірілетін сусынның дәмін татты. Сондай-ақ, аймақтың қысқы табиғаты мен көрікті жерлері көрсетілді: Будда тасы, Көру алаңы, Қора шатқалы, Жапон үйлері.
Бұл бастама Жетісудың қысқы туризм орталығы ретіндегі брендін нығайтып, туристер ағынын арттыруға ықпал етеді.