«Visit Zhetysu» туристік ақпараттық орталығы қазан айының 9 күні Үштөбе қаласына танымдық экскурсия ұйымдастырып, «Талдықорған қаласының №2 арнайы мектеп-интернатының» оқушыларын қуантты. Балалар Қаратал ауданының тарихи-өлкетану музейі мен Қазақ халқына алғыс айту монументін көріп, тарих пен мәдениетпен танысты. Экскурсия соңында оларға Visit Zhetysu атынан естелік сыйлықтар тартылды. Мұндай танымдық шаралар болашақта да жалғаса беретіні сөзсіз.