Visit Zhetysu Хоргостағы ақпараттық акциясы: туризмді дамыту және Қытаймен байланыс нығайту
2024 жылдың 18 қазанында «Visit Zhetysu» туристік ақпараттық орталығы Қорғас халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығында ақпараттық акциясын өткізді. Акцияның мақсаты – Қытай туристеріне Жетісу облысының көрікті жерлерімен таныстыру және аймақтағы туристік орындардың танымалдылығын арттыру. 2023 жыл Қазақстан Туризмінің Қытай Халық Республикасындағы жылы деп жарияланды, бұл Қытай Халық Республикасының тұрғындарына Қазақстанның сұлулығы мен қонақжайлылығын ашуға, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастығын орнатуға тамаша мүмкіндік береді. «Қорғас» ШЫХО-ға көптеген ҚХР-ның азаматтары визасыз кіре алады. ШҰАА – Қазақстанның Қытайдағы негізгі серіктесі болып табылады, оның үлесіне қазақ-қытай тауар айналымының шамамен жартысы тиесілі. Аймақаралық ынтымақтастықты кеңейту үлкен әлеуетке ие. Бұл туризм арқылы бизнес пен сауданың дамуының негізі болады, өз кезегінде, аймақтың танымалдылығын арттырады. Шекаралық сауда мен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жалғасып, екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал етеді және Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарын дамытуға айтарлықтай үлесін қосады.