Талдықорған қаласына қаңтар-қыркүйек айларында 60 мыңға жуық турист келген
Елімізде жыл санап туризм саласы ерекше қарқынмен дамып келеді. Соңғы жылдары елімізге алыс-жақын шет елдерден, содай-ақ еліміздің әр өңірінен келетін туристтердің саны артып отыр.
Осыған байланысты Жетісу өңірінде туризм саласына ерекше ден қойылып, бүгінде халықтың көп баратын орындарының инфрақұрылымдары жаңартылып, ретке келтірілу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.
Талдықорғанда да туристтерді қызықтыратын бірнеше ерекше орындар бар. Атап айтқанда, «Қызылтас – Тасбақа» петроглифтер қорымы, І.Жансүгіров атындағы мұражайы және М.Тынышбаевтың тарихи өлкетану музейі мен қаланың көрікті орындарын айтуға болады.
Естеріңізге салсақ, Талдықорған қаласы үлкен күре жолдың торыбында орналасқан шаһардың бірі. Жетісу өлкесіне келетін әрбір саяхатшы ең алдымен Талды қаланы басып өтетіні белгілі. Соның арқасында биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айында 60 мыңға жуық турист келсе, оның 1285 шет елден келген қонақтар.
Айта кетейік, туристтерге соңғы 9 айда 713,4 млн теңгенің қызметі көрсетілген.