Жетісу облысының асқақ тауларында өсетін Сиверс алма ағашы – әлемдегі барлық алма сорттарының түпқазығы. Бұл ерекше ағаш жылына бір-ақ рет, көктемнің соңында, ақ бұлттай үлбіреген гүлдерге оранып, таулы аймақты ертегі әлеміне айналдырады.
Әдемі гүлдеу кезеңі сәуір айының соңында басталып, небәрі екі аптаға созылады. Осы қысқа уақытта табиғаттың тамаша көрінісіне куә болғыңыз келсе, асығыңыз!

Сиверс алма ағашының тарихы XVIII ғасырдан бастау алады. Неміс ғалымы Иоганн Сиверс Қазақстан тауларында жабайы алма ағаштарын алғаш зерттеді. Кейін ботаник Михаил Попов олардың қазіргі алма түрлерінің түпнұсқасы екенін дәлелдеді. Академик Николай Вавилов Тянь-Шаньды бүкіл әлемдік алмалардың Отаны деп таныды.
Сіз де көктемнің осы ғажайыбын «Жоңғар-Алатау» МҰТП-де тамашалай аласыз!